Түркиядағы жер сілкінісінен 5 575 ғимарат құлап, 3 300-ден аса адам қаза тапты
Түркиядағы жер сілкінісінен 5 575 ғимарат құлап, 3 300-ден аса адам қаза тапты
Фото: AP/Ghaith ALSAYED
428
оқылды
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3 381 адамға дейін жетті,  – деп хабарлайды Anadolu агенттігі.  Түркиядағы төтенше жағдайлар басқармасының жер сілкінісі және тәуекелдерді азайту бөлімінің бас директоры Орхан Татардың айтуынша, осы сағатқа дейін жер сілкінісі салдарынан 3 381 адам қаза тауып, 20 436 адам жараланғаны белгілі. Зілзала салдарынан 5 575 ғимарат құлаған. Ал Сирияда соңғы мәліметтерге сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 700-ден астам адам қайтыс болды, 1 430 адам зардап шеккен. Онда да қазір үйінді астында қалғандарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында 7,5 балдық қатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілген.