Түнгі клуб бір ғалам, ел ұйқысын ұрлаған
Түнгі клуб бір ғалам, ел ұйқысын ұрлаған
563
оқылды
Қазақстанда түнде шулауға тыйым салатын заң нор­масы күшіне енгелі оны бұзған 40 мыңнан астам адам жаза­ланған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ха­­барлады. Алайда азаматтар пәтерлерде төсекті жас­­тығымен бірге діріл­дететін түнгі клубтарды тек­сер­ген құзырлы органдар­дың «халтурасын» анық­тады. ІІМ-ге сенсек, қазақстан­дық­­­тар негізінен, сыртта қа­раң­ғылық түскеніне қарамас­тан байыз таппайтын, маза бер­­мейтін көршілерінің әре­ке­­тіне шағымданады. Жал­пы алғанда, 2019 жылы Әкім­ші­лік құқықбұзушылық ко­­дексінің «Ты­ныштықты бұзу» деп ата­ла­тын 437-бабы бо­­йын­ша 40 мың­нан астам әкім­­ші­лік өн­­­діріс қоз­ғалған екен. Құ­қық­­­бұзу­шы­лықтардың ба­сым бө­­лігі пә­терлердегі шумен бай­ла­ныс­ты. Кодекстің аталған бабына сәйкес, жеке тұлғалардың қа­лып­ты демалысы мен тыныш­ты­ғына кедергi келтiрсе, түнгi уақытта, яғни түнгі 11-ден таң­ғы 6-ға дейiн тыныштықты бұз­са, оның iшiнде тұрғын үй-жай­­­ларда және олардың сыр­тын­да шұғыл қажеттiлiкпен бай­ланысы жоқ шу шығаратын жұ­мыстарды жүргiзсе, онда жеке тұлғаларға – 13 мың 255 тең­ге, шағын кәсіпкерлерге не­­ме­се коммерциялық емес ұйым­дарға – 53 мың теңге, орта кә­сіп­керлікке – 79 мың 530 теңге, ірі кә­сіпкерлік нысандарына 265 мың 100 теңге мөлшерінде айып­пұл салынады. «2020 жылдың қаңтарында 437-бап бойынша 4 289 адам әкім­шілік жауапкершілікке тар­тылды», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. Тексеру ке­зінде полицейлер бейресми жалға берілетін 16 мыңнан ас­там баспананы анықтаған. Ол бойынша ақпарат салық пен айып­пұл салуы үшін Мем­ле­­кет­тік кірістер органына жол­да­ныпты. Дегенмен бірқатар азамат поли­цейлер тәртіпсіз жеке адам­­­­дарға әлі жеткенімен, ар­тын­­да белді тұлғалар тұратын түн­­гі клубтарға тіс батыра ал­май­­­тынына шағымданады. Нұр-Сұл­­танның тұрғыны Бо­та­­гөз Смайы­лова түнгі клубтың тұр­­ғындарды әбден ыза етке­нін ай­тады. Рысқұлбеков көше­сін­­дегі екі үйдің түйісетін тұ­сын­да көп­­қабатты кешен тұрғы­зыл­ған, онда қонақ үй, сауна және ка­рао­ке бары орналасқан. «Көпбейінді ойын-са­уық ны­саны тұрғын үйге жап­­сар­лас салынғандықтан, со­дан шы­ғатын түнгі шуылдан құла­ғы­мыз тұнып бітті. түнде ұйқы ор­­нына оның музыкасының ді­рі­лімен қоса селкілдейміз. Re Born караокесі кешкі 19.00-ден таңғы 5.00-ге дейін жұ­­мыс істейді. Полицияға, ел­ор­­­далық 109 қызметіне қан­­ша­ма рет хабарластық. Бірақ заң бұзушыға шара қолда­­ныл­май­ды. «Өтініш қарау­сыз қал­ды­рылды және номенкла­ту­­ра­­лық архивке тапсырылды» деген жауап келеді», – дейді Бо­та­гөз апай. Бар иесі қолында тыныштық нормасын бұзушылықтың жоқ­ты­ғы туралы СЭС қаулысы ба­рын алға тартады. Тұрғындар оған емес, өз құлағына сенеді. «102-ге телефон шалсақ, па­труль келмейді. Тек корруп­ция­ға қарсы органға шағым жа­за­тынымызды айтқасын, поли­цейлер келді. Бірақ шара қа­был­дамады, хаттама толтыр­ма­ды. «Сіздерге ешқандай кө­мек көрсете алмаймыз, әкім­дік­ке шағымданыңыздар» деп кеңес берді. Елде заң жұмыс істей бастауы үшін халық не істеуі керек?! Біздің үйдің тұр­ғын­­дары 2004 жылдан бері арыз­данып келеді. Заңсыз­дық­қа, биліктің әрекетсіздігіне ашынамыз. Неге СЭС музыка­ны сөндіріп қойып шуды өл­шей­ді? Әрине, сосын ты­ныш­­тық­ты бұзушылық жоқ дейді. Ше­неуніктер осылай биз­­несті қолдап отыр ма? Бәл­кім, шағын бизнес шенді­лер­ді қолдап отыр­ған шығар? Олар­­дың орта­сын­да біз қалай өмір сү­ре­міз?» – дейді Б.Смайы­ло­ва. Түнгі караоке барлар ел­ор­­даның өзінде көптеген тұр­ғын үй кешендерінің төменгі қа­батында, жертөлесінде жұ­мыс істейді, елге ұйқы бер­мей, әлеу­мет­тік наразылықты кү­шей­­теді. Көбі шағын биз­нес фор­масында тіркеліп алған­дық­­тан, олардан бюджетке қо­­мақты салық та түсіп жат­қан жоқ. Керісінше, наша­қор­­лық, жезөкшелік және бас­­қа лас істердің ошағына ай­нал­ған. Тұрғындарға жал­ған қорытынды беретін мем­­қызметтермен, мықты тірек­те­рі­не сүйенетін түнгі клуб қо­­­жайын­дарымен, оларға үй­де­гі коммерциялық алаңда­рын жал­­ға беріп байыған кәсіп­кер­лер­­мен жалғыз күресуге тура ке­леді. Билік бұлай тығылмақ ой­най берсе, тұрғындар оларды «та­уып алудың» басқа жолдарын іздей бастауы ғажап емес. Оның арты неге соқтыратынын әлем­дік тәжірибеден көруге болады.   Елдос СЕНБАЙ