Аустралия Қытайдың бақылау камераларын алып тастайды
Аустралия Қытайдың бақылау камераларын алып тастайды
Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп үрейленген Австралия билігі Қытайда жасалған бақылау камераларын алып тастамақшы. Бұл шешім мемлекеттік мекемелерде Hikvision және Dahua компаниялары жасаған 900 бақылау жабдығының қойылғаны анықталғаннан кейін қабыланды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Nolwenn Le Gouic
646
оқылды
Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп үрейленген Аустралия  билігі Қытайда жасалған бақылау камераларын қорғаныс объектілерінен алып тастамақ. Бұл шешім мемлекеттік мекемелерде Hikvision және Dahua компаниялары жасаған 900 бақылау жабдығының қойылғаны анықталғаннан кейін қабылданды. Қытайлық камералардан қандай қауіп төнгені туралы Aikyn.kz BBC жариялаған материалға сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_239792" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Қытайдың технологиялық көздері әлемге қаратылған. Ұлыбритания мен АҚШ үкіметтері бейнекамералар арқылы Қытай билігі сезімтал деректерге қол жеткізуі мүмкін деп ойлайды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: CFOTO[/caption] Өткен жылы Ұлыбритания мен АҚШ үкіметтері бейнекамералар арқылы Қытай билігі деректерге қол жеткізуі мүмкін деген алаңдаушылықтан кейін осындай қадамдар жасаған еді.
Hikvision бұл алаңдаушылықтың негізсіз екенін айтса, Dahua түсінік беруден жалтарған.
Аустралия үкіметі Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураны қоса алғанда, барлық департаменттердің 200-ден астам ғимаратында Қытайда шығарылған бейнекамералар мен қауіпсіздік құрылғылары орналасқанын анықтады. Қорғаныс министрі және премьер-министрдің орынбасары Ричард Марлес Үкімет кез келген қорғаныс қондырғыларынан камераларды тауып, оларды «толық қауіпсіз» ету үшін алып тастайтынын айтты.
«Менің ойымша, асыра айтқандық болмайды. Бірақ бұл біздің назарымызда болатын маңызды мәселе және біз оны түзететін боламыз», – деді министр. Сондай-ақ ол қытайлық құрылғылардың өзі тағайындалғанға дейін Қорғаныс министрлігінің кеңсесі мен объектілерінде орнатылғанын ескертті.
[caption id="attachment_239793" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок3 Киберқауіпсіздік министрі мемлекеттік мекемелерден қытайлық құрылғылар алынуы тиіс дейді. Ол бұл құрылғылар Аустралияда жинаған деректер Қытайдың барлау агенттіктеріне беріліп жатқанын білу ​​«мүмкін еместігін» айтты. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Fairfax Media[/caption]
Бас прокурор Марк Дрейфус Үкімет басқа мемлекеттік ғимараттардан камераларды алып тастау керек пе деген мәселені қарастыратынын айтты.
Тексеріс жүргізуге бастамашы болған Киберқауіпсіздік министрі Джеймс Патерсон барлық мемлекеттік мекемелерден құрылғылар алынуы тиіс дейді. Ол бұл құрылғылар Аустралияда жинаған деректер Қытайдың барлау агенттіктеріне беріліп жатқанын білу ​​«мүмкін еместігін» айтты.
Қытайдың Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы кез келген ұйымды немесе азаматты «мемлекеттік барлауды қолдауға, көмектесуге және ынтымақтасуға» мәжбүрлеу үшін қолданылуы мүмкін.
Сенатор Патерсон Аустралияның Hikvision және Dahua компанияларын «моральдық» себептермен қолдауға болмайтыны да ескертті. Ол екі компанияның да Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына, жергілікті тұрғындарды жаппай қадағалауға тікелей қатысы барын айтты. [caption id="attachment_239794" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок4 Австралияның қауіпсіздік және барлау ұйымының (ASIO) ғимаратында орнатылған қауіпсіздік камерасы. Енді бұл камералар ауыстырылады деп күтілуде. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Rohan Thomson[/caption] Hikvision өкілдері компанияны «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді» деу «мүлдем қате» дейді.
«Ешбір беделді техникалық мекеме немесе тәуелсіз бағалау мұндай қорытындыға келген жоқ», – деді компанияның баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, «компания пайдаланушының бейне деректеріне қол жеткізе алмайды, сондықтан оны үшінші тараптармен бөлісе алмайды».
Бұған қарамастан, 2022 жылғы қарашада Ұлыбритания қауіпсіздік мақсатында «құпия объектілерде» жаңа Dahua және Hikvision бақылау камераларын орнатуға тыйым салды. Ағылшын билігі бұрыннан орнатылған құрылғыларды алып тастауды қарастыратынын да мәлімдеді.
АҚШ бес қытайлық компанияның, соның ішінде Dahua және Hikvision компанияларының жаңа байланыс құралдарын сатуға және импорттауға тыйым салды.
[caption id="attachment_239795" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 2022 жылғы қарашада Ұлыбритания қауіпсіздік мақсатында «құпия объектілерде» жаңа Dahua және Hikvision бақылау камераларын орнатуға тыйым салды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Brent Lewin[/caption] Премьер-министр Энтони Албанезе Қытай үкіметі бұл шешімге қалай қарайтыны Аустралияны алаңдатпайтынын айтты.
«Біз Аустралияның  ұлттық мүддесіне сай әрекет етеміз. Біз мұны ашық түрде жасаймыз және жасай береміз», – деді ол журналистерге.
Қытаймен қарым-қатынас 2018 жылы Huawei-ге 5G желісін Аустралияда  қолдануға тыйым салғаннан кейін нашарлады. Ал Қытай көмір және теңіз өнімдері сияқты австралиялық экспортқа тарифтер енгізді. Бірақ 2022 жылдың мамырында билікке келген солшыл орталық үкіметтің тұсында қарым-қатынастар жақсарып келеді.