Құтқарушылар Түркияда 3 адамды үйіндінің астынан аман-есен алып шықты – видео  
Құтқарушылар Түркияда 3 адамды үйіндінің астынан аман-есен алып шықты – видео  
Фото: Видеодан скриншот
461
оқылды
Түркияда құтқарушылар қирандылардың астында қалған адамдарды аршып алып жатыр. Газиантепте біздің құтқарушылар үйіндінің астынан 3 адамды аман-есен алып шықты. Видеодан қазақстандық құтқарушылар қираған конструкциялардың астында және сол жерден адамдарды жоғарыдағы түрік әріптестеріне жеткізіп жатқанын көруге болады. Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандының астынан қарт адам мен екі жас жігітті шығарып алды. Қазақстандық құтқарушылар оларды бірінші болып құтқарып, дәрігерлерге тапсырды.   Құтқару жұмысы құлайтын ғимараттар қауіпті болса да, үзіліссіз жүргізілді.