BMW X5 және X6 модельдері электромобильге айналады
BMW X5 және X6 модельдері электромобильге айналады
BMW өзінің X5 және X6 жол талғамайтын көліктеріне 2024 жылы көптеген өзгерістер енгізетінін жариялады. Оларда: қуаттырақ қозғалтқыштар, анағұрлым жоғары технологиялық және заманауи интерьер, жетілдірілген гибридті нұсқасы болады. Фото youtube.com сайтынан алынды. Авторы: Cars Arena
1,716
оқылды
Автокөлік өндірушілері арасында жаңа модельдерді электрлендіру бәсекесі күшейді. Олар электр қуатымен жүретін гибридтер мен толық электрлі нұсқалар шығарып, электромобиль дизайнымен де тәжірибелер жасауды жалғастыруда. Көпшілікке танымал немістің BMW концерні бұл жарыста қандай жаңашылдық ұсынатыны туралы SlashGear платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_239827" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Автомобильдер тез өзгеруде, өйткені электрлендіру экономикалық жағынан тиімді бола бастады. Көптеген авто-өндірушілер бірнеше жылда өздерінің модельдер қатарын гибридтік немесе толық электрлі қозғалтқышқа ауыстыруды жоспарлап отыр. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sjoerd van der Wal[/caption] Неміс концерні 2023 жылы BMW I7 xDrive60 түрінде 7-сериясын электрлендірді. Жаңа көліктің 544 аттық күші бар, қуаты 310 мильден астам қашықтыққа жететін батареялар орнатылған. Технологияның арзандауына байланысты автомобильдер тез өзгеруде, өйткені электрлендіру экономикалық жағынан тиімді бола бастады. Көптеген автоөндіруші бірнеше жылда өздерінің модельдер қатарын гибридтік немесе толық электрлі қозғалтқышқа ауыстыруды жоспарлап отыр.
Жақында BMW өзінің X5 және X6 жол талғамайтын көліктеріне 2024 жылы көптеген өзгеріс енгізетінін жариялады. Бұл өзгерістер екі модельге де көптеген жақсарту  әкеледі: қуаттырақ қозғалтқыштар, анағұрлым жоғары технологиялық және заманауи интерьер, X5-тің әлдеқайда жетілдірілген гибридті нұсқасын.
[caption id="attachment_239829" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Жаңа қозғалтқышпен жабдықталған BMW X5 нұсқасы 4,6 секундта 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа жете алады. Гибридті модель 60 шақырым жолды тек электр қуатымен жүреді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Andrew Harrer[/caption] X5 және X6 үшін екі жаңа қозғалтқыш нұсқасы болады: 375 аттық күші бар 3,0 литрлік 6 цилиндрлі қос турбо үрлемі, X5 M60i xDrive және X6 M60i xDrive модельдері үшін 523 аттық күші бар V8 үлгісі. Екі қозғалтқыш те айналу сәтін арттыратын 48 вольтты жұмсақ гибридті жүйені пайдаланады және бірсарынды жүргізу үшін сегіз жылдамдықты беріліс қорабымен жұмыс істейді.
Жаңа қозғалтқышпен жабдықталған BMW X5 нұсқасы 4,6 секундта 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа жете алады. Бұл гибридті жүйенің тиімділігі мен пайдасын көрсетеді. Гибридті модель 60 шақырым жолды тек электр қуатымен жүре алады.
[caption id="attachment_239830" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 X5 және X6 модельдерде жаңа 12,3 дюймдік ақпараттық ойын-сауық экраны мен басқару элементтеріне арналған 14,9 дюймдік дисплей орнатылады. Дисплейлер жаңартылған BMW 8 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Фото BMW сайтынан алынды[/caption] X5 және X6 модельдерде жаңа 12,3 дюймдік ақпараттық ойын-сауық экраны мен басқару элементтеріне арналған 14,9 дюймдік дисплей орнатылады. X5 ақпараттық ойын-сауық жүйесінде ең соңғы BMW iDrive бағдарламалық құралы қойылған, ол жаңа бас дисплеймен, жақсартылған көрініспен және басқа заманауи мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
Дисплейлер жаңартылған BMW 8 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Жаңа көліктерде авто-көмекшінің жүргізушіге көмек көрсету жүйелері жақсартылған, сондай-ақ тұраққа қою көмекші технологиясы да орнатылған.
Енді жаңа модельдердің бағасын келсек. X5 sDrive50i 65 200 доллардан, X5 xDrive40i 67 500 доллардан, X5 xDrive50e плагині 72 500 доллардан басталады. X6 xDrive40i 73 900 доллардан басталады. Ақырында M60i xDrive X5 және X6 нұсқалары сәйкесінше, 89 300 доллардан және 93 600 доллардан басталады. BMW компаниясының айтуынша, жаңа модельдерді шығару 2023 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының Спартанбург қаласындағы BMW зауытында басталады.