Қазақстанда баспана бағасы қымбаттай ма?

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттай ма?

Қаңтар айында үйді сату мен жалға алу құны тағы да өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан – 2023 жылғы қаңтар) жаңа үй – 0,7%, қолданыстағы үй құны 0,3%-ке өсті. Жалға беру құны 2,5%-ке қымбаттады. Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы: жаңа үй – 481 891 теңге; қолданыстағы үй – 515 019 теңге; жалға берілетін үй – 4 671 теңге. Бір жылда пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа баспананы сату 14% қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 34,3%-ке артты. Ал жаңа пәтерлер Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%-ке қымбаттады. Қолданыстағы пәтер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%). Баспананы жалға алу құны ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%). Бұған дейін Үкімет басшысы делдалдардың көптігінен азық-түлік бағасы күрт қымбаттағанын айтқан еді.