Доллар бағамы 3, 23 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 3, 23 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3, 23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452, 39 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 65 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452 теңге, сатып алу – 455,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу – 454 теңге. Ресей рублі 6 – 6,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.