Мектеп мұғалімі 100 оқушының шашын қиып тастады
Мектеп мұғалімі 100 оқушының шашын қиып тастады
669
оқылды
Таиландта мектеп мұғалімі оқушыларын ерекше әдіспен тәртіпке салды. Ол 100-ден аса баланың шашын қиып тастаған. Бұл туралы  Bangkok Post  басылымы жазды. Мәліметке сүйенсек, ашуланған ұстаз оқушыларға жаза қолданудың тың жолын тапқан. Яғни, жүзден аса баланың шашын қиып тастады. Бұл жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кеткеннен кейін ғана жұртқа белгілі болған. Әлеуметтік желіде мұғалім әрекеті сынға алынғаннан кейін елдің білім министрі Тринуч Тхиентхонг қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. Әрі оқушыларды тәртіпке салу үшін шаштарын қию дұрыс емес екенін хабарлады. Оқиғаның мән-жайы толық тексерістен кейін анықталады.