Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді
Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: kazlenta.kz
345
оқылды
Өскеменде бірнеше мектепте оқушылар эвакуацияланды,  – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 10 ақпанда түсте полицияға қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен қызметкерлер білім ордаларының ұжымы мен оқушыларды эвакуациялады.
«Қазір әр мектептің іші тексеріліп жатыр. Халықтан сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.
Бұл осы аптада мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай болып саналады.