Мемлекеттік қызметкерлер Мұқағали жырларын оқыды
Мемлекеттік қызметкерлер Мұқағали жырларын оқыды
646
оқылды
Қазақ поэзиясының хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілер арасында «Жырлайды жүрек» әдеби жыр кеші өтті. Поэзия кешіне филиалда білім алатын қайта даярлау курсының және біліктілікті арттыру семинарларының тыңдаушыларымен бірге мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты. Академияның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Абилованың айтуынша, әдеби шара мемлекеттік қызметшілер арасында ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен. «Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында ақын шығармаларын кеңінен дәріптеу арқылы олардың поэзияға, ана тілімізге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі дамыту», – дейді ұйымдастырушылар. Поэзия кешіне арнайы қонақ ретінде ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев және Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың төрайымы, келіні Бақытгүл Айдарова, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арман Халбеков, М.Мақатаевтың өлеңдерін ағылшын тіліне аударған, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қауымдастырылған профессоры Меруерт Тилеубаева қатысты. Іс-шара Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.