Возрождение: қасірет пен қауіп
Возрождение: қасірет пен қауіп
1,959
оқылды
Кеңес Одағы тұсында көптеген мәліметке құпия белгісі соғылғаны белгілі. Әсіресе, стратегиялық нысандар, сынақ алаңдары туралы деректерді жасырын ұстады. Өкініштісі, сол сынақ алаңдарының адам денсаулығына келетін орасан зор залал-зардабы туралы да айтылмады. Сондай аймақтардың бірі – Арал өңiрiндегi Возрождение аралы болды. Құпия қалашық Сол уақыттарда арал сынақ алаңы ре­тінде шағын қалашыққа айналыпты. Онда тұрғын үйлер, мектеп, балабақша се­кiлдi әлеуметтiк нысандар да бой тү­зе­ген. Жерасты зертханасына кiрiп-шы­ғатын орын да болыпты. Бiр сөзбен айт­қанда, жасырын жұмыс істеп жүрген био­лог мамандар мен олардың жа­нұя­ларына барлық жағдай жасалған. 1990 жылы осы құпия аралға сол кез­дегі Арал әкімдігімен құрылған бір топ қо­ғам мүшелері арнайы барып, көзбен кө­руге мүмкіндік алды. Сол топтың қа­тарында болған азамат осы жайында өзі­нің әсерімен бөлісті.
«Сол кезде көргеніміз кәдімгі әскери қа­лашықта орналасқан көптеген ан­гар­лар, яғни жерасты зертханалары болды. Біз­ге одан өзге айтарлықтай ештеңе көр­­­­сеткен жоқ. Жол көрсетуші пол­ков­ник шеніндегі орыс офицері «Сынақтар аң­дарға, маймылдарға, тышқандар мен құр­бақаларға жасалғаны рас, бірақ, еш­қашан қауіпті жағдай болған емес. Адам­дарға да өз келісімімен жасалған» деп түсіндірді. Менің көкейімде «Ол сы­наққа келіскен кімдер болды екен?» де­ген сауал туындады. Алайда бұл сұра­ғым әлі күнге жауапсыз қалып келеді», – дейді бұл жайында аталмыш топтың құра­мын­да болған экология жанашыры Нұртуған Тұржанов.
Жалпы, Возрождение аралында (бұ­рынғы атауы Қантүбек болған) Сверд­ловск, Степногорск, Киров, Омутнинск зауыттарында шығарылған биологиялық оқ-дәрiге сынақ жасалған. Соның ішінде Ақмола облысы Степногорск қаласында биологиялық қару шығаратын «Биоком­би­нат» жұмыс істеген. Сол кездері зерт­теу жұмыстарын жүргiзетiн кемелер апат ай­мағына 15 шақырым жерге дейiн жа­қындауға мәжбүр болған. Ал белгіленген ере­жеге сәйкес, сол кездері аралға 40 ша­қырым жерге жақындауға ғана рұқсат бер­ілген екен. Одан жақын келу қауiптi саналған. Осы ереже сақталмағандықтан, ке­медегiлер де түрлi ауруларды жұқ­ты­рып, мұның соңы қайғылы аяқталған. Возрождение Сол кезде апат аймағын көргендердiң айтуынша, ол жерлерде «Аральск-7», «Бархан», «Пнил-52» сынды нысандар бо­лыпты. Осы «Аральск-7 «әскери қа­лашығында мыңнан астам әскери био­лог пен арнайы қызмет өкiлдерi тұрыпты. Қараусыз қалдық қауіп төндіреді Әлі күнге дейін бұл сынақ алаңы туралы нақты дерек жоқ. Дейтұрғанмен, оның залал-зардабы талай адамға тигенi белгiлi. Бір белгілісі қатаң құпиялы Возрождение аралында бактериялық қа­руға жасырын сынақ жүргiзетiн по­ли­гон болған. Күллі адамзат тағдырына үл­­кен қатер төндiретiн осы қасiрет орны жө­нiнде өңiр халқы алғашында хабарсыз бол­ған. Себебi барлық құпия құжат Ре­сей мұрағаттарында сақталды. Кеңес Одағының көбесі сөгіліп, ыды­рап жатқан тұста, полигонды қа­рау­сыз қалдырып, ондағы мамандар елiне үдере көштi. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деп әсте бекерге айтпаса керек. Алайда сол кездерi өңiр тұрғындары сынақ алаңы­на лек-легiмен ағылып, қараусыз қал­ған дүние-мүлiктердi таси бастады. Сон­дай-ақ жерді қазып, темір-терсектер жи­нады. Кейбiреулерi оңай нә­пақаның кө­зiн тапқанына қуанды. Себебі қараусыз жатқан дүниелердiң улан­ғанын көпшiлiгi бiлмейтін. Аралда Кеңес Одағының әр түк­пiрi­нен профессорлар мен академиктер ке­лiп жұмыс істеген. Нәтижесінде, қа­тер­лi вирустардан елiмiзде оба, холеро, күй­дiргi, бөртпе сүзегi секiлдi ауру түр­лерi кеңінен таралды. Сондай-ақ лепро, са­ры ауру кең тараған. Осындай бак­те­рия­лық қарулардың қалдықтарын Ақда­лаға көмген деген де кауесет бар. Алайда сол кезде бұл қалдықтардың қаупі жыл­дар бойы сақталады деп ешкім ойламаса ке­рек. Бүгiнде мүгедектігі бар бала­лар­дың дүниеге келуi, қатерлi iсiк, өкпе ау­­­рулары, балалардың ерте қартаюын осы қалдықпен байланыстыруға бола­тын­дай. арал Сол кездегі жергілікті басы­лым­дардың сарғайған беттерінен 1990 жылы Арал өңірінде оба ауруының өршіп кет­кендігі жайында деректерді кезіктіруге бо­­лады. Сондай-ақ теңіз балығының бел­­­­гісіз себептермен жаппай қырылып, өлек­селері су бетіне қалқып шыққаны да айтылады. Мұның барлығын да осы сы­нақ алаңының зардабы деп білетіндер көп. Ал бертін келе қараусыз қалған арал­ға барып, сол кездегі ахуалын көзбен көр­­ген жандардың айтқандары тіпті жа­ға ұстатады. Құпия аралға барған­дар­дың айтуынша, түн мезгiлiнде көпқа­бат­ты үйлердiң шатырына шығып ұйықтауға мәж­бүр болған. Себебi ашық жерде бол­маса, ғимарат iшiнде ұйықтау былай тұр­мақ, отырудың өзi қауiптi. Ғимарат тө­бесіне шығып, жерге қарағанда ай­на­ланың бәрiн қалың тұман басып кет­кен­дей көрiнеді екен. Әрине, бұл бакте­рия­лық қарудың зардабы әлi де сейiлмегенiн аң­ғартса керек. 1990 жылы Возрождение аралы ау­ма­ғына Ресейдiң Свердловск қаласынан тот ­баспайтын болат ыдысқа бетi хлорлы әк­пен жабылып салынған 25 вагон сiбiр жа­расы және тағы басқа ауру қоз­дыр­ғыш­тары жеткiзiлгені жөнінде дерек бар. Бөш­кедегі ауру қоздырғышы салынған әр қалташаның салмағы 2,5 кг тартады екен. Бұл ауру қоздырғыш бактерияларды бірнеше жерге көмген көрінеді. Мұндай бак­териялар жүз жылға дейiн өз қуатын жо­ғалтпайтын болса керек. Егер сол ыдыс­тар тесіліп, бактериялар ауаға, суға, тарал­са, айналаға төнер қауіпті болжау­дың өзі қиын. Сонымен қатар түрлі биологиялық ауру сыналған малдардың да өлекселері де көмілуі мүмкін екені ай­тылып жатады. қасірет Алайда бүгiнде оның қауiпсiздiгiне еш­кiм кепiл бола алмай отыр. Себебі теңіздің суы артылып, арал түбекке ай­налған. Яғни, теңіздің ортасындағы арал құр­лыққа қосылып кетті. Сынақ ара­лын­дағы ұшқан құс пен жүгірген аңның құр­лыққа шығуына ешқандай кедергі жоқ. Демек, олардың қауіпті ауруды та­сы­малдауы бек мүмкін.
«Кеңес Одағында мұндай ашық бак­териологиялық алаң басқа еш жерде бол­­ған жоқ. Сол кездері ауру қоздырғыш­тары Степногорск, Свердловск және Ки­ров қаласында жасалып, аса құпия түрде Возрождениеге әкеліп, сынақтан өткізіп тұрған. Сол уақытта жеткізілген бактериологиялық қару қалдықтары то­лық жойылмай, әлі күнге көмілулі жа­тыр. Сондай қаупі бола тұра, өңірдегі бұл сынақ алаңы әлі күнге тиісті деңгейде за­лалсыздандырылмаған. Ал Сібір жа­расы бактериялары кез келген уақытта оянуы мүмкін. Бұл сол өңір халқы үшін үл­кен қауіп», – дейді бұл жөнінде Нұртуған Тұржанов.
Мәліметке сәйкес, 1972 жылы Бірік­кен Ұлттар Ұйымы биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде конвенция қабыл­дап, ол 1975 жылдан бастап күшіне енді. Со­ған қарамастан, Кеңес Одағында қауіп­ті биологиялық қаруға сынақ жал­ғаса берді. Тек Қазақстан тәуелсіздігін жа­риялануымен ғана аталған сынақ алаңы жабылды. Қоршаған ортаны улап жатқан осы бір сынақ алаңы жайында талай рет ай­тылып жүрсе де, жабулы қазан жабулы күйін­де қалып келеді. Әлі күнге дейін нә­тижелі жұмыстар жүргізілген емес. Есе­сіне, құпиясын ішіне бүккен апат ай­мағынан келер қауіп көп. Ал оның зар­дабын жергiлiктi жұртшылықтың қай уақытқа дейін тартары белгісіз.

Қызылорда облысы