«Жүрегімнің түбіне терең бойла...»
«Жүрегімнің түбіне терең бойла...»
428
оқылды
«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы мен Абай Құнан­байұ­лы­ның 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педаго­ги­­ка­лық университе­тін­де «Жү­регімнің түбіне терең бойла...» атты әдеби байқауы болды. – Абай – қоғамға шам­шы­­рақ. Дала данышпаны­ның шығар­ма­­­лары осыдан бір ға­сыр бұ­рын жазылса да оның мә­ні мен ма­ңызы, тағылымы мен тә­лімі әлі күнге дейін өте өзек­­ті. Міне, сонысымен де ол құн­­­ды, баға жетпес қа­зы­на. Біз­де өткен әдеби бай­қау­­да Құ­­­нан­байұлының асыл мұ­ра­­ла­ры кеңінен наси­­хат­та­лып, жас ақын­дар ара­сын­да жыр са­йысы да ұйым­дас­ты­рыл­ды. Соны­мен қатар ұлт­тық ойы­­нымыздың бірі – тоғыз­құ­ма­­­­лақтан жарыс өтті, – дейді ұйым­дастырушылар. Дала данышпанының ме­рей­­тойына орай ұйымдасты­рыл­­ған сайыста «жүзден – жүй­­­­рік, мыңнан – тұлпар» шық­­­­қ­андар «Алғысхатпен» ма­ра­­патталды. Ал әділқазылар ал­қа­сының қатарында Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педа­го­­ги­­ка­лық университетінің «Ха­кім Абай» ғылыми-зерттеу орта­­лы­ғының директоры Жа­бал Шойынбет, Ғылыми кітап­хана директоры Бақыт­жа­мал Баға­ша­рова және өзге де азаматтар бол­ды. Университеттің ғылыми кі­тап­ханасында өткен тағы­лым­­­ды шараның маңызы зор. Себебі кеш барысында ұйым­­дас­­тырылған сайыс пен абай­тану­шы ғалымдардың әсерлі әңгімелерінің өскелең ұрпаққа берері мол. Осы шара аясында Қыздар университеті мен Т.Жүр­­генов атындағы Қазақ ұлт­­тық өнер академиясының сту­­денттері адамзаттың ақыл­ма­­ны­на айналған кемеңгердің өмір­шең өлеңдері мен қара сөз­дерін жатқа оқудан өзара үздікті анықтап, әсерлі ә­н­де­рін нақышына келтіре орын­дады.   Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ