Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады
Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады
404
оқылды
Жолаушылар ағынының артуына байланысты және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында қосымша жылжымалы құрам қосылмақ. Қосымша құрам 13 ақпаннан бастап қызмет көрсете бастайды.
"Осылайша, метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы таңертеңгілік пен кешкі қарбалас сәтте 6 минут 12 секундқа дейін қысқарады. Электрлі жылжымалы құрамның қозғалыс кестесін жолаушылар «Алматы қаласының метрополитені» қосымшасынан көре алады", — дейді "Алматыметрополитен" КМК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2022 жылы екі жаңа станса қолданысқа берілген болатын. Нәтижесінде, жолаушылар ағыны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.  width=