Коронавируспен күрес Сияньда өтетін күреске кері әсерін тигізді
Коронавируспен күрес Сияньда өтетін күреске кері әсерін тигізді
290
оқылды
Біріккен күрес әлемі (UWW) 27-29 наурыз аралығында күрес түр­ле­рінен өтетін Азия аймағының Оли­м­­­пиа­да­лық іріктеу бәсекесін Қы­тай­дың Сиянь қаласынан Қыр­ғыз­ Рес­пуб­­ли­ка­сының астанасына ауыс­тыр­ды. Токио Олимпиадасына жолдама үлес­тірілетін дода Қытайдағы корона­ви­­рус індетінің өршуіне байланысты Біш­кек қаласында өтеді.
– Турнирдің басталуына аз уақыт қал­ғанда өтетін орынды ауыстыру оңай соқпасы анық. Алайда біз үшін атлет­тердің денсаулығы маңызды. Сондықтан да біз осындай қадамға барып отырмыз. Осы орайда, дереу қолдау көрсеткен Қыр­ғыз еліне алғысымыз шек­­­сіз, – дейді UWW президенті Ненад Лало­вич.
Ал лицензиялық бәсекеге қатысатын қытай палуандары Сербияда жаттығып жатыр. Олар елден шыққан кезде тың­ғы­лықты тексеруден өткен. Айта кетейік, осымен үшінші ли­цен­зиялық турнир Қытайдан өзге мемле­кет­ке ауыстырылды.   Ә.БЕЛГІБАЙ