Теміртас Жүсіпов Венгрияда өтіп жатқан турнирде алтын жеңіп алды
Теміртас Жүсіпов Венгрияда өтіп жатқан турнирде алтын жеңіп алды
Фото: olympic.kz
817
оқылды
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Дебреценде (Венгрия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында сынға түсті,  – деп хабарлайды Sports.kz сайты. 48 келіге дейінгі салмақта Жүсіповтің финалдық белдесудегі қарсыласы қырғызстандық Асылбек Аманқұл уулу болды. Бұл жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті. Осылайша, Теміртас Венгриядағы турнирде Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды. Жүсіпов бұған дейін турнирде өзбек боксшысы Дониер Бекмуродов пен әзербайжандық Турал Сариевті жеңген болатын. Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы (2013).