Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіті Қазақстанға жеткізілді
Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіті Қазақстанға жеткізілді
621
оқылды
Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті елге жеткізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
«Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қаза тапты. Олардың мүрдесі Хатай өлкесіндегі Антакья қаласында толықтай қираған ғимарат үйінділерінің астынан табылды. Бүгін олардың мәйіті Отанына жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.