Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған
Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған
7,373
оқылды
Бразилияда егде жастағы әйел 39 жастағы қызын 20 жылға жуық қамауда ұстады деген күдікпен тұтқындалды. Оқиға Байшада-Мараньенси аймағындағы Виана қаласында болды. Полиция басшысы Карлос Альберто Брага Диниз Нетоның айтуынша, аштық пен шөлдеуден зардап шеккен жәбірленушіні аяқ-қолдары байланған күйде жазалау бөлмесінен тапқан. Үйде болған анасында мастық белгілері анық байқалған. Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жәбірленушіні емдеуге жіберді. Полицейлердің пайымдауынша, анасы жас кезінде екі баласынан айырылған, содан кейін психологиялық ауытқу пайда болып, осының әсерінен қызын қамап тастаған. Қазір  бразилиялық әйелдің анасы мен оның серіктесі ұсталды. Полицейлер қылмыстың басқа да сыбайластарын анықтауды және іздеуді жалғастыруда, өйткені жағдайдан барлық жергілікті тұрғындар хабардар болғаны анықталды.