Қайғылы оқиға 19 маусым күні кешкі уақытта Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 22:55-те түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды сегіз минут ішінде толық сөндірген.
Өртті сөндіру кезінде көлік ішінен үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына 50-ден астам қызметкер мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
