Жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақтар бірнеше киіз үй тікті.
Журналист Нұрбек Бекбаудың айтуынша, жалпы саны 100 шақты киіз үй жеткізіледі. Киіз үйді құрастыру үшін Түркияға 12 адам арнайы барды. Зілзала болған аймақта күн суық. Бір киіз үйдің ішіне 20 адам сияды.
Айта кетейік, киіз үй сатып алу үшін Қазақстан халқы 20 миллион теңгеден астам қаржы жинады. 17 миллион 300 мың теңгеге 45 киіз үй алды. Қалған қаржыға тұрмыстық заттар алды. Кәсіпкерлер 50-ге жуық киіз үй сатып алып, бас-аяғы Түркияға 100-ге жуық киіз үй жөнелтті.