Жетісу облысында ауа райына байланысты жол жабылды
Жетісу облысында ауа райына байланысты жол жабылды
362
оқылды
Жетісу облысында боран соғып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады. Осыған байланысты «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.