ҚазҰУ ұжымы Түркияға көмек қолын созды
ҚазҰУ ұжымы Түркияға көмек қолын созды
693
оқылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері табиғи апат болған сәтте біркүндік жалақысын аударды. Білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрады. Бұған қоса, көшбасшы университет оқу орнының ішінен арнайы гуманитарлық көмек жинау орталығын ашты. Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен киіз үйлер, көрпе-жастықтар, қалың төсеніштер, карематтар, ересектер мен балалар киімдері жиналуда. Сонымен қатар қол шамдары, генераторлар, термостар мен жылыту пештері тапсырылуда. Жиналған затттар арнайы рейспен жуық арада жөнелтіледі.