Гауһар таспен көмкерілген алқа – Жұлдыз мәһірге алған дүниесін айтты
Гауһар таспен көмкерілген алқа – Жұлдыз мәһірге алған дүниесін айтты
1,088
оқылды
Қазақстандық хитмен Қайрат Нұртаспен отау құрғанына 16 жыл болған Жұлдыз “Оян” бағдарламасында мәһрге қандай сыйлық сұрағанын айтып берді.
Қайратқа тұрмысқа шыққанда жас болғанын алға тартқан Жұлдыз бастапқыда мәһр жайлы білмеген.
“Осыдан 16 жыл бұрын жасым 19-да. Негізі бізге дұрыс түсіндірген жоқ. Мәһрді қалай, не үшін, неге сүйене отырып сұрау керегін білмедім. “Алтын алқа болады. Гауһар таспен көмкерілсе, тіпті жақсы” дедім. Мен ол кезде мәһрді белгілі бір уақыт ішінде алып беру керегін білмедім. Қалаған сыйлығымды 2-3 жылдан кейін алып берді”, – деді Жұлдыз.