menu
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәлі расында көгілдір ме? – ЛГБТ жауабы
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәлі расында көгілдір ме? – ЛГБТ жауабы
2,244
оқылды

Желіде бірнеше күн бұрын ЛГБТ қауымдастығының түсірген видеосы қызу талқыға түсті. Видеоны қауымдастықтың мүшелері Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева түсірген. Олар отандық әртістер Төреғали Төрәлі мен Қайрат Нұртасты қатарларына қосылғанымен құттықтады.

NEGE тілшісі ЛГБТ қауымдастығының мүшесі Гүлзада Сержанға хабарласып, мән-жайды сұрады.
Гүлзада Сержанның айтуынша, видеоны түсіруге әншілердің әлеуметтік желідегі әрекеттері себеп болған.
"Әрине, халықтың алдында жүргеннен кейін хайп та керек болған шығар, ол жағын білмедім. Бірақ, не десеңіз де, шындығы сол. Жалпы, өз басым екеуі халықтың алдында бір-біріне деген шынайы сезімдерін білдіріп тұрса, әрқашан қолдауға дайынмын. Адамдардың өзара сүйіспеншілігі мен жақсы көруі, достығы мен сыйластығы – бұл қоғам құптайтын қарым-қатынас қой. Ал зорлық-зомбылық сияқты әрекет болса, жазғырамыз. Негізі, Жанар екеуіміз әлгі бейнетаспаны түсірер кезде елі ішінде мұндай талқыға түседі деп ойламаппын", – дейді ол.
ЛГБТ қауымдастығының мүшесі видео қызу талқыға түскеннен кейін екеуінің тарапынан ешқандай шағым түспегенін алға тартты. Оның айтуынша, танымал жұлдыздар түрлі әңгімелердің барлығына бақылау жасамайды.  
@feminita_kz Поздравляем Кайроша и Торегали со вступлением в радужные ряды! #feminita_kz ♬ оригинальный звук - Feminita Kazakhstan