Астанадағы мешітте 600 АҚШ долларын ұрлатып алды
Астанадағы мешітте 600 АҚШ долларын ұрлатып алды
1,444
оқылды
Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды.
"Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарына орналасқан. Терезенің алдында жатқан күртешелер оның көзіне түскен. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Әмиянды қалтадан тауып алған ол ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен" делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның бұрын Астана аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.