Түркияға кеткен құтқарушының сәбиі дүниеге келді
Түркияға кеткен құтқарушының сәбиі дүниеге келді
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,101
оқылды
Бүгін Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Олжас Рахметовтің төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге Аделя деп ат қойды. Бұл туралы Aikyn.kz  Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Астанадағы ТЖ департаментінде 2022 жылдан бастап өзін біліми әрекеттерімен кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Сәбилі болған Олжас Рахметовті шын жүректен құттықтаймыз! Отбасына амандық, зор денсаулық тілейміз! Олжас Рахметовтің елге аман-есен оралуына тілекшіміз!