Түрік шайының басқадан қандай айырмашылығы бар?
Түрік шайының басқадан қандай айырмашылығы бар?
Фото: Интернеттен алынды
865
оқылды
Нұр-Сұлтандағы  Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен  28 ақпан күні «Түрік шайын таныту» шарасын өткізеді. Адамзат баласы 5000 жылдан бері қолданып келе жатқан шайдың түріктер арасында тарала басталуына қатысты мынандай әпсана бар. Қожа Ахмет Ясауи бір күн Қытайдың бір ауылына барып, түркмен отауына қонақ болады. Қонақ болып түскен үйдің әйелі толғатып жатыр екен. Қожайын Қожа Ахмет Ясауиден бата сұрайды, Қожа батасын береді. Толғатқан әйел аман-есен қол-аяғын бауырына алады. Бұған қатты қуанған үй иесі түркмен Қожа Ахмет Ясауиге шай ұсынады. Қапырық ауадан қатты шөлдеген Қожа Ахмет Ясауи шай ішіп, шөлін қандырады да «бұл өте шипалы сусын екен. Науқастарға осы сусынды беріңдер, шипа болсын» деп бата қайырады. Шай осыдан бастап түркі халықтарының арасында кең тарала бастапты деседі.    width= Шай Анадолыға 16 ғасырдан бастап Қытайдан Жібек жолы арқылы тарала бастаған. Османлы мемлекетіне 16 ғасырда шипалы сусын ретінде әкелінген шай туралы 1731 жылы парсы тіліндегі «Рисале-и чай» атты еңбекте  баяндалған. Батумиге жұмысшы ретінде барып келіп жүрген Ризе және Артвин халқы қайтқанда шай бұтақтарын әкеліп оны бақшаларына еге бастаған. Бұтағының бойының 0,5 метрден аспауы әу баста көп ешкімнің назарын аудара қоймады. Шай бұтақтарын әкелген жұмысшылар оны алдымен өздерінің бақшаларында, кейіннен егіс алқаптарында өсіре бастады. Шайдың кейіннен ормандық алқаптар мен қырларда да өздігінен өсетіні анықталды. Османлы мемлекетінің құзырлы мекемелері шайдың зияны жоқ екені анықталғаннан кейін  өндірісіне де рұқсат берген. Шай Танзимат дәуірінде таңғы аста 19 ғасырдан бастап өз орнын ала бастаған. Түркия Республикасы құрылғаннан кейінгі жылдары Ризе мен Трабзон облыстарында шай өсіру енді комплексті түрде экономиканың бір саласына айнала бастады. Ең ірі шай өндіру фабрикасының негізі Ризеде 1946  жылы қаланып, 1947 жылы шай тауар ретінде айналымға шықты. Қазіргі күні шай- әлемдегі судан кейін ең танымал және көп қолданылатын сусын түрі ретінде түрік асханасының және мәдениетінің де ажырамайтын бөлшегіне айналған. Түркия әлем бойынша шай өндіріуде төртінші, ал тұтынуда алғашқы (кісі басына 3,5 кг) орынды иеленеді.  Сондай –ақ қазіргі күні Түркияда шамамен 1 миллион адам шай өндірісі нарығында еңбек етеді. Түрік шайының басқа шайлардан қандай айырмашылығы бар? Түрік шайы ол тропикалық аймақтарда өспейтін әлемдегі жалғыз шай түрі болуымен ерекшеленеді. Түркияда шай негізінен Ризе мен Трабзон облыстарында өседі. Әлемде континенттік ауа райында шай өсіру дәстүрі тек қана Түркияда кездеседі. «Кофехана» деп аталатын кафелер негізінен шай ішуге арналған арнайы орын болып табылады. Арнайы кернеуі жіңішке шыны ыдыспен ішілетін түрік шайы екі қабаттан тұратын шәйнекте демделеді. Түрік шайының гастрономияда алатын ерекше орнына байланысты түрік тілінде өте көп тұрақты тіркестер  мен мақал –мәтелдер пайда болған. Қазақ тіліндегі әбден демделген қызыл күрең шайға түрікшеде «қоян қаны түстес шай» дейді. Шай- адамдар арасындағы әңгіменің көрігін қыздырып қарым –қатынасты өрбітуге септігін тигізетін дәнекер. 28 ақпанда Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы сіздерді түрік шайын ішуге,  симит, сондай –ақ түрік ірімшігінің дәмін татуға  шақырады.