Шығыс Қазақстанда Храпуновқа тиесілі 37 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстанда Храпуновқа тиесілі 37 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – шамамен 533 жер учаскесі. Оның жетеуі осы 2004-2007 жылдары ШҚО-ны басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі. Бұл туралы Aikyn.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Облыстың экс-әкімі ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен, Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімі болғаны анықталды. Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады. Бұған дейін мемлекетке қайтарылған жерлер туралы жазған болатынбыз.