Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуалды баяндады
Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуалды баяндады
203
оқылды
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты. Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ, журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды. Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан жала жабу туралы Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыстық деп танымау жөніндегі шешімі үшін алғыс білдірді. Қазақстан Президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.