Qazaq Oil мұнай базасында жұмысшы өртеніп кетті
Qazaq Oil мұнай базасында жұмысшы өртеніп кетті
882
оқылды
16 ақпанда таңғы сағат 10:50 шамасында Көкшетаудағы Qazaq Oil аумағындағы екі құйма эстакадасы жанып кетті. Өрт болған жерде жұмысшының денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталады. Өрттің себебі де анықталып жатыр. Трагедия орнынан видеоны Petrocouncil.kz Telegram-каналы жариялады. Өрттің ауданы 35 шаршы метр болған. Өрт сағат 11:05-те ауыздықталып, сағат 11:25-те сөндірілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.