«Болашаққа» 555 стипендия бөлінді
«Болашаққа» 555 стипендия бөлінді
357
оқылды
Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің тө­рағалығымен Шетелде кадрлар даяр­лау жөніндегі республикалық комис­сияның кезекті отырысы өтті. 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бо­йынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докт­о­рантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 сти­пендия бөлінді. Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес, 25 азаматқа стипендия берілді. Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын алуға құжат тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады. Жиын соңында Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.