Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді айтты

Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді айтты

Әнші Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді айтты. Ол шақыру қағазын Instagram-дағы сторисінде бөлісті. Онда сырға салудың 19 ақпанда болатыны жазылған.

"Қайырлы күн! Ертең бұйыртса біз үшін маңызды күн! Сәттілік тілеп өтіңіздер", —  деп жазды әншінің өзі 18 ақпанда.
Еске салайық, қаңтарда Ерке Есмахан мен Raim-ның неке қидырғаны белгілі болды. Кейін Ерке Есмахан келіндік өмірі мен ұлының RaiM-ға көзқарасы туралы айтты.