Ерке Есмахан тойының қашан болатынын мәлімдеді
Ерке Есмахан тойының қашан болатынын мәлімдеді
Өткен айда өмірлік таңдауын жасап, отбасылық өмірге қадам басқан Ерке Райммен тойының қашан болатынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде әдеттегідей сұрақ-жауап айдарын жасағанда мәлімдеді. Оқырмандарының бірі әншіден тойының қашан болатынын сұрады.
«Бұйыртса, жазда. Мен той қаламап едім. Мужым үлкееен той жасаймын деп қоймай отыр. Ок дедім», – деп  жауап береді Ерке.
Сонымен қатар желіде жеке өміріне қатысты сыр сақтамайтын жұлдызға оқырманы «Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?» деп сұрақты төтесінен қойды. Оған да әнші еш саспай ашығын айтты.
«Әлі толықтай келін емеспін ғой. Алда, бұйыртса, сырға салу, құда түсу, құдалық. Сосын беташар. Сосын супер келіншек боламын», – деп жауап қатты әнші.