Полицейлер Астанада төбелескен бір топ адамды ұстады
Полицейлер Астанада төбелескен бір топ адамды ұстады
1,092
оқылды
18 ақпан күні полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабы “Бұзақылық”бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.