Қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер жұлдыздарына тексеру жүргізіледі
Қаржы пирамидасын жарнамалаған өнер жұлдыздарына тексеру жүргізіледі
© 24.kz
129
оқылды
Елімізде қаржы пирамидасын құрған 15 адам қамауға алынды, - деп хабарлады «Хабар 24». Тағы 12-сіне халықаралық іздеу жарияланды. Осы азаматтардың екеуі Ресей мен Қырғызстанда бой тасалап жүр деген мәлімет бар. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Алаяқтықпен айналысқандардан 40 миллион теңге, 21 пәтер, жеке сектордағы 3 үй және 30-дан астам автокөлік тәркіленген. Ал олардың заңсыз кәсібін жарнамалап, халықты үгіттеген өнер жұлдыздарына қатысты тексеру жүргізілмек. "Оларға қатысты ешқандай жауапкершілік жоқ. Бірақ жалған жарнама жүргізу бойынша заң бар. Сондықтан біз оларды тексереміз", - дейді ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.