Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен 41 жастағы әйел табылмай жатыр
Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен 41 жастағы әйел табылмай жатыр
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті
4,137
оқылды
Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кеткен. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады. Қызылорда қаласының тұрғыны 41 жастағы азаматша Өтегенова Нұргүл Қарасайқызы 21 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Азаматша жүйке ауруымен есепте тұрады. Ерекше белгілері: бойы: 1,65 см, орта денелі, шашы қара түсті, ұзын, көзі қара түсті. Қызыл түсті бас киімі бар, қоңыр түсті ұзын куртка, қара түсті аяқкиім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 7 705 255 8125 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – деп жазылған Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.