Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады
Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады
413
оқылды
Қазақстанда жол ережесін бұзғандар үшін айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады. Әділет министрлігі “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын әзірледі. Жаңа заңға сәйкес енді жылдамдықты сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырған жүргізушілерге 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған. Ал қозғалыс жылдамдығын 80-нен немесе одан да артық асырсаңыз 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелесіз. Сондай-ақ 593-бапқа да өзгерістер енгізілді. Яғни, қауіпсіздік белдігін тақпағандар, мотошлемсіз жүргендер, жолаушыларды автокөлік кабинасынан тыс жерде тасымалдағандар 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ қарсы бетке шығып кеткендер үшін де жаза ауырлай түсті. Оларға жол ережесін бұзғаны үшін 30 АЕК (103 500 тенге) қарастырылған.