Белгілі әнші Нұрлан Албан қызын қалай еркелетеді?

Белгілі әнші Нұрлан Албан қызын қалай еркелетеді?

Белгілі әнші Нұрлан Албан желіде жалғыз қызы Нұрайымның маңдайынан иіскеп, сүйіп жатқан видеосын жариялап, көпшілікті сүйсінтті.

“Ақылдым, тәттімсің ғой сен менің. Құдай бізге үшеуіңді үш түйір қып бере салған. Соның ішінде гүл ғып сені берді. Сен – гүлсің, күнсің, жарықсың, нұрсың, менің жанымсың, жарығымсың”, – деп жанын бере еркелетіп, жалғыз қызын құшырлана сүйді. “Қызы бар үйдің қызығы бар. Қызымды қазір еркелетіп алмасам,бойжеткен кезінде мұндай сөздер айта алмай қаламын ғой”, – деп жазды өнер иесі.
Әншінің қызын еркелеткен бейнежазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті.
“Әкенің махаббатына қанып өскен қыз бақытты болады”, “Әке деген осындай болу керек”, “Әкемнің еркелеткені есіме түсіп кетті”, “Нұрландай әкесі бар бақытты қыз ғой”, “Еркелеп өскені көрініп тұр”, – деп жазды желідегілер.