Жүгенсізді айыппұл түзей ме?
Жүгенсізді айыппұл түзей ме?
373
оқылды
Әділет министрлігі жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар үшін жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынып отыр. «Ашық НҚА» сайтында «Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң жобасы ұсынылған. Құжатта жылдамдықты арт­тыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері үшін айыппұлдарды өзгерту қарастырылады.
«Бекітілген қозғалыс жылдам­дығын сағатына 40-тан 80 шақы­рымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп шақырым – 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде жыл­дам­дықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асыр­ғаны үшін – 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады», – делінген құжатта.
Сонымен қатар жобаға 596-бап­­­­та жаңа тармақ енгізілді. Оған сәйкес көлік құралдарына, жүк­терге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мү­­лік­ке зақым келтірген, мате­риал­­дық залал келтірген қарсы жо­­лақ­қа шығып кеткені үшін жүр­гізуші 9 айға дейін көлік құрал­да­рын басқару құқығынан айы­ры­лады. Сондай-ақ заң жобасының ав­торлары қарсы жолаққа шық­қаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынып отыр.

Ж.АСҚАРБЕК