Мұнай қабылдауды тоқтатты
Мұнай қабылдауды тоқтатты
466
оқылды
Каспий құбыр консорциумы құбыр жүйе­сіне қазақстандық Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды тоқтатқанын хабарлады.
«Қазіргі жағдай бойынша КҚК жүйесіне Теңіз мұнай айдау станcасындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау тоқтатылды. КҚК Теңіз тер­миналының резервуар паркіне мұнай айдалмайды», – делінген мәлімдемеде.
Әзірге Қазақстандағы «Атырау» және Ресейдегі «Комсомольская» мұнай айдау стансаларында мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүріп жатқаны айтылуда. Сыртқы нарыққа мұнай жет­кізетін құбыр жабылғаннан кейін еліміз үшін оның салдары қандай болары қазір белгісіз.