Ұлттық бірегейлік – басты ұстаным
Ұлттық бірегейлік – басты ұстаным
435
оқылды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жанындағы Ұлттық құрыл­тайдың мүшесі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевты қа­былдады. Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жет­кізді. Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орта­лық­тарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде Қол­данбалы этносаяси зерттеулер институтының атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.