Бір күн бұрын жоғалып кеткен қызылордалық әйел табылды
Бір күн бұрын жоғалып кеткен қызылордалық әйел табылды
616
оқылды
Қызылорда қаласында бір күн бұрын хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды. Қызылорда қаласы Полиция басқармасына 21 ақпанда жергілікті тұрғын қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арыз түсірген.
​«Қызылорда қаласы Полиция  басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді. Барлық көшелер, аулалар мұқият тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды», — деп  мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.