Тегін білім, сапалы медицина және қолжетімді баспана
Тегін білім, сапалы медицина және қолжетімді баспана
©halykpartiyasy.kz
448
оқылды
Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ирина Смирнова Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен онлайн кездесті. Ирина Смирнова көпшілікке партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Халық партиясы қолданыстағы антихалықтық Еңбек кодексіне қарсы. Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет. ҚХП әрбір қазақстандықтың медицинаға, білімге қолы жететін, құқығы толық қорғалатын әділетті Қазақстанды қалайды. Бүгінде қазақстандықтар Дамумедке тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу қиын екенін айтып, жаппай шағымдануда. МӘМС үмітті ақтаған жоқ. Партия Қазақстанның әрбір азаматы тегін медициналық қызмет алуға құқылы екенін алға тартады және дәрігерлер мен мұғалімдер, қарапайым жұмысшылар лайықты жалақы алуға тиіс деп санайды. – Өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар мен заңдарға қарамастан, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын әлі де жоғарылату қажет. Біз осы салаларға инвестиция құйып, жалақыны есептеуді түбегейлі қайта қараған дұрыс деп санаймыз. Өйткені бюджеттік салада әлі күнге дейін есептеу шкаласы кеңестік кезеңдегі тарифпен белгіленген. Базалық жалақы 10 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген, – деді И. Смирнова. Білім сапасы сын көтермейді. Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайды. Жеке колледждер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне ( ЕТЖ) ең төменгі жалақы (70 мың теңге) мөлшерінде шәкіртақы тағайындау керек. – Біз Қазақстандағы білім беру жүйесінің беделі әлдеқашан түскенін мойындауымыз керек, – деді И.Смирнова. Спикердің айтуынша, мемлекет жастарға инвестиция салуы керек. – Халық неғұрлым сауатты, білімді болса, ел де соғұрлым жақсы өмір сүреді, – деді ол. Бұған қоса жиында халықты қарыз қақпанынан құтқару, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана секілді әлеуметтік мәселелер талқыланды.