ЖСДП-дан Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынылған үміткер Мақсұт Насибулов Астана қаласының жұмыссыз азаматтарымен жолығып, әңгімелесті.
[caption id="attachment_241848" align="aligncenter" width="719"] Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі аккаунтынан алынды. Видеокадр[/caption]
Кездесуде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мен несиені қайтара алмаған азаматтар мәселесі көтерілді.
Мақсұт Насибулов қарапайым азаматтардың мүддесін қорғау бойынша ЖСДП қызметінің негізгі бағыттарын, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.