Қызылордада 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған
Қызылордада 3 азамат мешітте намаз оқуға кедергі жасаған
Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, – деп хабарлайды Рolisia.kz.
«Тексеру барысында деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 адам мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-бөлігімен «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңгеден айыппұл салынды» делінген полиция мәліметінде.