ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі аккаунтынан алынды
260
оқылды
Бүгін ЖСДП-дан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Асхат Рахимжанов пен Талғат Омаров партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен социал-демократтардың саяси ұстанымдары айтылды.
Социал-демократтардың тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына тағы бір кандидат Нұрлан Әуесбаев «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Партия белсендісі ЖСДП халықтың өмір сапасының стандартын енгізуге ниетті екенін айтты. Бұл стандартта адамның дұрыс тамақтануы, киім, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер және өмірдегі басқа да қажеттіліктері ескеріледі. Партия қоғамдағы әрбір әлеуметтік топтар үшін арнайы бағдарламалар әзірлемекші.