"Қорғас" сауда орталығы жұмысын бастайтыны айтылды

"Қорғас" сауда орталығы жұмысын бастайтыны айтылды

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақын арада жұмысын бастайды.
Бұл туралы Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері туралы жиында белгілі болды. Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пандемия басталғаннан бері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазір  Қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.
"Қорғас" жақын арада өз жұмысын бастауға тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек", – деді Үкімет басшысы.