Darkhan Juzz-дің жазып үлгермеген альбомы жарыққа шығады

Darkhan Juzz-дің жазып үлгермеген альбомы жарыққа шығады

Қазақстандық õzen лейблі Darkhan Juzz-дің жазылмай қалған альбомы туралы айтты. "Жүздің жазылмаған альбомы қалды, біз оны міндетті түрде аяқтап, жарыққа шығарамыз. Оның әндеріне барлық құқығы ұлы Ади  мен қызы Айданаға мұра болып қалады. Әр стримингтің 100%-ы отбасына түседі", – делінген хабарламада. Еске салайық, кеше, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Дархан Жүнісбековтің жалға алған мопедімен Таиландтағы Пхукет аралында жол апатына түскенін нақтылады. Алматы жастары кеше Арбатта жиналып, марқұм әншінің әндерін айтып, қоштасты. Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Оның "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндері көпшілікке танымал. Оның инди-поп жанрындағы әндері ерекше жаңа стиль алып келген еді.