Түркияда үлкен жұмбақ шұңқыр пайда болды

Түркияда үлкен жұмбақ шұңқыр пайда болды

Түркияның Конья провинциясындағы ауылда кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын алып шұңқыр пайда болды, – деп хабарлайды Hurriyet порталы. Бұл жер құбылысы Қарапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында пайда болған. Пайда болу себептері әлі анықталмаған. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыс олар үшін қалыпты жайт екенін айтады. Тек ауылға алғаш рет келгендер сәл таңғалып, шоши қарайды екен. Конья Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырлы кезеңдерден кейін шұңқырлардың пайда болуының арта түсетінін алға тартты. Бұл жағдайда жер сілкінісі де факторлардың бірі болуы мүмкін.