Елшілік Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне үндеу жасады
Елшілік Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне үндеу жасады
898
оқылды
Қазақстан елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады, – деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосы.
«Өздеріңізге белгілі болғандай, 6 ақпанда Түркияның оңтістік-шығыс аймағында болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары (ЖОО) онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады. Айта кетейік,  Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес. Оған қоса, Түркияда тұрып, сабақты онлайн жалғастыра алады», – делінген елшілік мәліметінде.
Тиісті көмек және консультация алу үшін қазақстандық студенттер мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады: Анкарадағы елшіліктің жауапты провинциялары: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кутахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяаман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гумушхане, Трабзон, Байбурт, Бинголь, Диярбакыр, Мардин, Батман, Ширнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан. Байланыс нөмірлер: 1. Консул Темірлан Сайлауұлы  –  +90 538 880 70 41; 2. Үшінші хатшы Даурен Кубенов –  +90 536 673 78 07; 3. Консулдың көмекшісі Алихан Нұрсеитов –  +90 552 896 07 04; 4. Кезекші комендант –  +90 312 491 91 00; Электронды  пошта: ankara@mfa.kz Антальядағы Бас консулдықтың жауапты провинцялары: Анталия, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин. Байланыс нөмірлер: 1. Вице-консул Асем Байтишова –  +90 553 941 42 75; 2. Сарапшы Жандос Ранов –  +90 536 489 64 11; 3. Кезекші комендтант –  +90 242 324 26 11; Электронды  пошта: antalya@mfa.kz Ыстанбұлдағы Бас консулдықтың жауапты провинциялары: Ыстанбұл, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдаг, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дуздже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын. Байланыс нөмірлер: 1. Консул Қанат Тұрыбаев –  +90 541 116 53 86; 2. Консул Ертай Ерғалиұлы – +90 506 774 53 77; 3. Кезекші комендант –  +90 212 662 53 47; Электронды  пошта: istanbul@mfa.kz