Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
428
оқылды
Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Алматыда түнде тұман, көктайғақ болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.